қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.10.2024

Алматы балабақшаларының 440 маманы кәсіби дағдыларын арттырды

 

2024 жылдың 22 тамызы мен 16 қазан аралығында Алматыда үш айға жалғасқан мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мамандарының біліктілігін арттыру курстары аяқталды. Осы уақыт аралығында барлығы 440 педагог кәсіби тәжірибелерін жетілдірді. Жобаны қала әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласын дамыту бойынша Жол картасын жүзеге асыру аясында Білім басқармасы ұйымдастырды.

 

Біліктілікті арттыру курстары үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең тәрбиешілер мен әдіскерлерді, екінші кезең балабақша басшылары мен психологтарды, ал үшінші кезең арнайы педагогтерді (логопед, дефектолог, тифлопедагогтер) қамтыды. Осылайша, әр санатқа лайықталып оқу бағдарламалары жасалып, мамандар  мектепке дейінгі білім берудің заманауи тәсілдерін меңгерді. Тыңдаушылар отандық және шетелдік жетекші мамандардан білім алды. Аталған курста Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универститінің PhD аға оқытушысы Сауле Еркебаева тыңдаушыларға өзінің озық теориясы мен практикасы ұштасқан ұтымды дәріс және семинар өткізді.

 

 Жобаның негізгі мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің құзыреттерін жақсарту. Оқыту барысында қатысушылар мектепке дейінгі тәрбиенің, инклюзивті білім берудің инновациялық әдістерін меңгерді. Бағдарламалар соңғы цифрлық технологияларды белсенді пайдалана отырып, балалардың табысты оқуы мен дамуы үшін оңтайлы бейімделген білім беру ортасын құруға бағытталған.

 

Курс аясында «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі тәрбие беру мен оқытудың әлемдік стратегиялары» деп аталатын 5 күндік халықаралық семинар ұйымдастырылды. Онда тыңдаушыларға Малайзия, Италия, Гонконг және Грециядан келген халықаралық спикерлер тренингтер өткізіп, балабақша мамандарын аталған елдердегі мектепке дейінгі білім беру тәжірибесімен таныстырды.

 

Айта кету керек, курс барысында үздік деп танылған 20 балабақша басшысы мен 20 әдіскер іріктеліп алынып, олар Малайзия, Қытай, Польша және Германияның мектепке дейінгі озық оқу орындарында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=