қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.10.2024

Санжар Асфендияровтың туғанына 135 жыл толуына арналған турнир  


2024 жылдың 19  қазанында  Абай атындағы ҚазҰПУ мен С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың құрама командалары арасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды тарихшы-ғалым, профессор, педагог Санжар Асфендияровтың туғанына 135 толуына орай студенттер арасында турнир өткізілді.

 

Студенттер  волейбол (қыздар), волейбол (ұлдар), футзал (ұлдар), баскетбол (қыздар), баскетбол (ұлдар), шахмат және үстел теннисі спорт түрлерінен сайысқа түсіп, өз университеттерінің намысын қорғады. Жарыс жоғары спорттық, достық деңгейде өтті.

 

Турнир қорытындысы бойынша Абай университетінің құрама командасы жалпы командалық есепте 4:3 есебімен жеңімпаз атанды.

 

Дене шынықтыру және спорт кафедрасының ұжымы мен студенттерді жеңісімен құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=