қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.10.2024

«Алматы музейлеріне саяхат» тәлімгерлік жобасы аяқталды


2024 жылдың 16 қыркүйегі мен 16 қазаны аралығында «Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы мен Оразалы Досбосынов атындағы Жас ақындар мектебінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылған «Алматы музейлеріне саяхат» тәлімгерлік жобасы аяқталды.

 

Жобаның мақсаты -  шалғай аймақтардан келген студенттерді Алматының бай тарихы, құнды мәдениеті мен асыл руханияты жинақталған рухани-материалдық құндылықтарымен таныстыру, білім алушылардың мәдени әлеуетін күшейту, тұлғалық-азаматтық қасиеттерге тәрбиелеу, жас көрерменнің музейге бару мәдениетінің қалыптастыру болды.

 

Нәтижесінде бір айға жуық уақыттың ішінде жалпы саны 3050 студент «Алматы қаласы музейлер бірлестігіне» қарасты жеті музейге: атап айтқанда Алматы қаласы тарихы музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Д.А.Қонаев музейі, Н.Тілендиев мемориалдық музейі, С.Мұқанов және Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби мемориалдық музей кешені, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі экспозицияларымен танысуға барды.

 

Айта кетейік, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Алматы қаласы Мәдениет басқармасының арасындағы ынтымақтастық меморандум аясында және екі жақты бірлескен жұмыс жоспарының негізінде білім алушылар музейлерге қырық пайыздық жеңілдікпен кірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  


«Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы