қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.10.2024

Абай университетінің студенттері ХV республикалық пәндік олимпиада 1 орын иеленді  


2024 жылдың 16-17 қазан аралығында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «6В013-Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді дайындау» бағыты бойынша «Болашақ табысты ұстаз - ұлт кепілі» тақырыбында ХV республикалық пәндік олимпиада өтті. Онда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 17 команда бақ сынасты.

 

Олимпиадаға Абай университеті атынан «Абай STARS» тобы қатысып, командалық есеп бойынша 1 орынды иеленді. Сондай-ақ «Абай STARS» тобы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Мұхтар Төлегеннің арнайы дипломымен марапатталды.

 

Топ жетекшісі: «Бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Жұмаш Жанар.

 

  alt=  

 

  alt=