қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.10.2024

ABAI CUP I Республикалық пікірсайыс турнирінің қорытындысы


2024 жылдың 20 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменті Жастар ісі жөніндегі бөлімі мен «Атамекен ИПК» ұйымының ұйымдастыруымен «Abai CUP I» Республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

 

Санжар Асфендияровтың 135 жылдығына орай ұйымдастырылған турнирді С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ректорының жастар саясаты бойынша кеңесшісі Солтанай Жәнібек және университетіміздің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов ашып берді.

 

Турнир америкалық парламенттік форматта өтті. Пікірсайысқа дарынды жастар қатысып, өздерінің интеллектуалдық деңгейін шыңдап, өзекті тақырыптарды талқылады. Турнир барысында қатысушылар әртүрлі әлеуметтік және білім беру мәселелерін көтеріп, олардың шешімдер ұсынды.

 

Нәтижесінде:

1-орын: Қуанышбеков Бекжан, Аукенова Динара;

2-орын: Жолшыбек Жансерік, Серік Айлы;

3-орын: Өтесін Аида, Өтесін Санжар;

«Үздік талпыныс» номинациясы: Аманқос Ислам, Дәуірхан Айнұр;

«Ең үздік спикер» номинациясы: Сәуірбай Арсен;

«Ең үздік төреші» номинациясы: Ераділова Бану жеңімпаз атанды.

 

Бұл турнир қатысушылар үшін тек білім жарысы ғана емес, өзара ынтымақтастық пен достық байланыс орнату алаңы болды.

 

  alt=