қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.10.2024

«YOOUMAY» Халықаралық психологиялық орталығы бітіруші студенттермен практикалық семинар өткізді


2024 жылғы 21 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ Жалпы және қолданбалы психология кафедрасында «6В03111 - Практик психологтарды даярлау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерімен «Онкологиялық науқастарды психологиялық қолдаудың ерекшеліктері» тақырыбы бойынша практикалық семинар өткізілді. Практикалық семинарды жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушылары, психология ғылымдарының кандидаттары - Абишева Эльмира және Надирбекова Айша ұйымдастырды. Практикалық семинарды «YOOUMAY» Халықаралық психологиялық орталығының онкопсихологтары - Дүйсенбаева Динара, орталықтың басшысы, онкопсихолог және «7М03118 - Психотерапия негіздерімен денсаулық психологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша магистрант Ахатова Санам өткізді.

 

«YOOUMAY» Халықаралық психологиялық орталығы - бұл Наталья Пан құрған Қазақстандағы алғашқы және жалғыз халықаралық онкопсихологиялық орталық, ол онкопациенттерге, олардың отбасыларына және медициналық персоналға психологиялық қолдауды белсенді ғылыми қызметпен ұштастырады. Орталық соңғы ғылыми дәлелдерге сүйене отырып көмек көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар онкологиямен күрес психологиясын жаһандық түсінуге өз үлесін қосады.

 

Сондай-ақ, «YOOUMAY» орталығы емделудің және қалпына келтірудің барлық кезеңдерінде пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық психологиялық оңалту бағдарламаларын әзірлеумен белсенді айналысады.

 

  alt=  

 

  alt=