қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.10.2024

Абай университетінің оқытушысы Миннесота университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде


Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы, PhD доктор Жазира Қуанышбаева «500 ғалым» бағдарламасы бойынша Миннесота университетінің (АҚШ) Білім және адам дамуы колледжінде ғылыми тағылымдамадан өтуде. Жазира Қуанышбаеваның ғылыми жетекшісі - университеттің жетекші профессорларының бірі Майкл Го, ол көшбасшылық, білім беру және адам дамуы саласында құрметті Campbell дәрежесінің иегері.

 

Тағылымдама мақсаты - жастардың сенімдері мен әлеуметтік-саяси құндылықтарын өзгертуге сәйкестіктің әсерін зерттеу, сондай-ақ олардың дамуына ықпал етудің қолайлы жолдарын әзірлеу болып табылады.

 

Айта кетейік, 2024 жылдың 11 қазанында Миннесота университеті Білім және адам дамуы колледжінің деканы Майкл С.Родригес пен профессор Майкл Го Абай университетінде болды. Кездесу барысында педагогика, инклюзивті білім беру, білім беру психологиясы және басқа да сабақтас пәндер сияқты салалардағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Арнайы білім беру және озық технология салаларындағы бірлескен жобалар мен зерттеулерге идеялар ұсынылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=