Негізгі бет
Жаңалықтар
23.10.2024 «Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығындағы азапты жолы» әдеби-қонақжай шарасы 2024 жылдың 18 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы және Алматы қаласы №165 мамандандырылған лицейі «Тұлғалар мен тағдырлар тарихы: Aбай университетінің көрнекті филологтары» ғылыми жобасы аясында ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына арналған «Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығындағы азапты жолы» тақырыбында әдеби-қонақжай іс-шарасын өткізді. Аталған әдеби кеш - қазақ халқының көрнекті жазушы тұлғасына деген құрмет, қоғам қайраткерінің өмір жолы мен шығармашылығын бүгінгі ұрпақ арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Кеш барысында «Россотрудничество» өкілдігінің басшысы Мария Симакова құттықтау сөз сөйледі. Кешке жазушының немересі Сәкен Орынбекұлы Сейфуллин қонақ ретінде шақырылды. Ол әсерлі кездесу үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтып, өзінің атасы жайлы, оның Отанына және халқына деген сүйіспеншілігі туралы әңгімелеп берді.
Сондай-ақ, №165 лицейдің он бірінші сынып оқушылары Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы дайындаған әдеби композициясын ұсынды. Ал, Сәкен Сейфуллин музейінің қызметкері Гүлфариза Абрахманова мұражайдың экспозицияларын, ақынның жеке заттарын көрсетіп, шығармашылық мұраның қалай ұқыпты сақталатыны және зерттелетіні туралы баяндады.
Әдеби-қонақжай кездесуді аяқтай отырып, Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Абишева 1929 жылы ҚазПИ-де жұмыс істеген, қазақ әдебиеті бойынша студенттерге дәріс оқыған Сәкен Сейфуллиннің «Туған жер» өлеңін оқыды.
Сәкен Сейфуллин - ұлы тұлға. Өзінің трагедияға толы тағдырында азапты күндерді бастан өткізсе де өз жеріне, еліне, халқына, Отанына шын ынтасымен қызмет етті.
|