қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.10.2024

«Energy Youth» студенттік апталығы аясында қалалық «Жайдарман» маусымашар ойыны өтті


2024 жылдың 22 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменті Жастар ісі жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен «Energy Youth» студенттік апталығы аясында дәстүрлі қалалық «Жайдарман» маусымашар ойыны өтті.

 

Жайдарман ойынының басты ерекшелігі - қатысушылардың әлеуметтік, саяси және тұрмыстық жағдайларды әзіл форматында көрсетуінде. Әдеттегідей, ойында түрлі өзекті тақырыптар қозғалып, студенттік өмір мен әлеуметтік желідегі қызықты сәттер ортаға салынды.

 

Келесі кезеңге жолдама алған командалар: «25 теңге» , «Тастақ», «Абайла», «Респект», «Көршінің қызы», «Агромикс», «Дилигент», «Көшедегілер».

 

Барша ¼ өткен командаларды шын жүректен құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

Жастар ісі жөніндегі бөлім