қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.10.2024

4-курс студенттеріне арналған педагогикалық практиканың таныстыру конференциясы


2024 жылдың 22 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультетінің химия, география және экология, биология кафедраларында «6В01510-Химия», «6В01511-Химия», «6B01512-Химия-биология», «6В01515-География», «6В01522-География-тарих», «6В01513-Биология», «6В01514-Биология» мамандықтарының 4 курс студенттеріне педагогикалық практиканың таныстыру конференциялары өтті. Конференцияларға кафедра меңгерушілері, практика жетекшілері, педагогтар-психологтар, 4 курс студенттері қатысты.

 

Конференцияларда кафедралар бойынша практикаға жауапты тұлғалар: А.Ж.Утемисова А., С.Н.Иркитбаев, Г.С.Камиева студенттерді педагогикалық практиканың құжаттарын рәсімдеу, практика жетекшілері, педагог-психологтары және практика жоспарымен таныстырды. Конференция барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

 

Әдескер-жетекшілер студенттерді педпрактиканың басталуымен құттықтады. Педагогикалық практиканы жоғары деңгейде өткізіп, осы мамандықтың қыр-сырын терең меңгеруге тілек білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=