қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.10.2024

XVI Республикалық пәндік олимпиада нәтижелері


2024 жылдың 17-18 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультетінің ұйымдастыруымен «В014 - География педагогтерін даярлау» және «В052 - Жер туралы ғылым» білім беру бағдарламалары бойынша XVI-ші Республикалық пәндік олимпиада өткізілді.

 

Олимпиаданың негізгі мақсаты - «В014 - География педагогтерін даярлау» және «В052 - Жер туралы ғылым» білім беру бағдарламалары аясында дарынды студенттердің білімін және шығармашылық әлеуетін анықтап, қолдау көрсету. Сонымен қатар, жастардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру және заманауи ғылыми мәселелерді шешуге қатысуын ынталандыру.

 

Олимпиадаға еліміздің түрлі жоғары оқу орындарынан 31 команда қатысты. Ашылу салтанатында Абай атындағы ҚазҰПУ зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан, Жаратылыстану және география факультетінің деканы Күләш Каймулдинова және «География және экология» кафедрасының меңгерушісі Думан Алиасқаров құттықтау сөз сөйледі.

 

«В014 - География педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасының топтары бойынша олимпиаданың нәтижелері

 

Жеке қатысушылар арасында жүлделі орындарды иеленген студенттер:

 

I орын: Оңғарбек Аяулым (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті);

II орын: Усен Мухаммадали Равшанұлы (Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті),  Мұхтарова Айжан Қанатқызы (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті);

III орын: Утемис Нұрлан Утемисұлы (Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті), Биназар Талап Мұратұлы (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті), Тоқташ Ерсұлтан Маратұлы (Академик Ебіней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды университеті).

 

Командалық есеп бойынша жүлделі орындарды иеленген оқу орындары:

 

I орын: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті;

II орын: Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті;

III орын: Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY.

«В052 - Жер туралы ғылым» бағыты бойынша олимпиаданың нәтижелері

 

I орын: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Алатау» командасы (Тұрғалиева Гүлдана Тимурқызы, Максут Жазира Муратқызы және Кадержанова Аягөз Адилжанқызы);

II орын: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Эверест» командасы (Мұрат Ақнұр Маратқызы, Құттымұратова Аяулым Қанатбекқызы және Исенова Сакып Газизовна) және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Geo Global» командасы (Ибрашимов Ибрагим Ибрашимович, Нигметова Амина Орынбекқызы және Махсотов Мейірбек Жарқынұлы);

III орын: Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Геоний» командасы (Аширбекова Айганым Есенгельдиновна, Досан Ілияс Жандосұлы және Аманкелдиқызы Асылтас), М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Қызылжар» командасы (Илюшина Анастасия Александровна, Ахметова Айгерим Ерлановна және Амангелді Сұңқар Бағдатұлы) және Торайғыров университетінің «Ertis» командасы (Кинжиков Данияр Тулегенович, Әбылаш Айымгүл Мейрамбекқызы және Рахманбердиева Бахытгуль Шадияровна.

 

Олимпиада еліміздің білім беру жүйесінде ғылым мен білімді дамытуға үлес қосатын маңызды шара болып табылды. Мұндай шаралар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізуге және білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Студенттердің шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, ғылыми мәселелерді шешу дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқу орындары арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында ұйымдастырылған олимпиада білім беру саласындағы жетістіктерді насихаттауға арналған тиімді алаң болып табылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=