қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.10.2024

Абай университетінде Республика күні аталып өтті


2024 жылдың 24 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 25 қазан - Республика күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Айтулы мерекенің жоғары деңгейде, кең көлемде өтуіне университеттің Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменті атсалысты.

 

Салтанатты іс-шарада Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларды еліміздің рухын асқақтатқан, ынтымақ-бірлігімізді арттырған айшықты мерекемен құттықтады. «Бұл күн - мемлекеттігіміз қайта жаңғырған күн. Себебі, 2022 жылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «ұлттық мереке»  мәртебесі қайтарылып, 25 қазан - Республика күні Қазақстанның басты мейрамы деп белгіленді. Бүгінде бұл мерекені ел болып, екінші жыл жаңа мазмұнда атап өтіп жатырмыз. Бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін  нағыз тарихи күн», - деді ректор.

 

Іс-шара барысында ректор бір топ ғалымдарды, білім беру саласында кәсіби біліктілік танытқан оқытушыларды, оқу ордасының дамуына елеулі үлес қосқан университет қызметкерін мемлекеттік награда және алғыс хаттармен марапаттады.

 

Мерекелік шара соңында Абай университетінің өнерлі жастарынан құралған «А-Bluse» вокалды-аспаптық тобы патриоттық жанрдағы әндер орындап, барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады. Бұл тамаша музыкалық туындылар залдағы көрермендердің жүрегін бірлік пен Отанға деген сүйіспеншілік рухына бөледі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=