қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.10.2024

«Оқылым мен жазылым процестерін деңгейлік оқыту әдістемесі» конференциясы


2024 жылдың 24 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы және «Латын» ғылыми-практикалық зертханасының  ұйымдастыруымен  «Оқылым мен жазылым процестерін деңгейлік оқыту әдістемесі» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық  конференциясы өтті.

 

Конференция ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Деңгейлік парадигмалар әдіснамасы: оқылым мен жазылым» гранттық жобасы (№АР14869424) негізінде ұйымдастырылды.

 

Конференцияда ҚР ҰҒА академигі, п.ғ.д., профессор Ф.Ш.Оразбаева «Тілді деңгейлік оқытудың өзектілігі», Назарбаев Университетінің профессоры Э.Н.Оразалиева «Оқылым үдерісіндегі деңгейлік парадигмалар: елтаным», Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті  және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Е.Т.Оспанов «Академиялық жазылым арқылы студенттің ойлау жүйесін кеңейту», университеттің аға оқытушысы, PhD М.А.Иманқұлова «Оқылым мен жазылым дағдыларын заманауи технологиялар арқылы меңгерту», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, PhD А.З.Бисенғали «Білім беру жүйесіндегі лингвокогнитивтік мәселелер» және «Kazakh school» мектебінің мұғалімі, Абай университетінің докторанты А. Рысқұлова «Тілдік қатынас процесіне нейролингвистикалық әдістердің ықпалы» тақырыбында пленарлық баяндама жасады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=