Негізгі бет
Жаңалықтар
28.10.2024 «Ұлтымызды көтеретін – Тәуелсіздік» мерекелік іс-шарасы
2024 жылдың 28 қазанында Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Республика күніне арналған «Ұлтымызды көтеретін - Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультетінің саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы, сондай-ақ Қазақстандық философиялық конгресс ұйымдастырды.
Мерекелік іс-шараға саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков және кафедра оқытушысы Нұрлан Орынбеков қатысты. Студенттер сарапшыларға белсенді сұрақтар қойып, пікірталастарға қатысып, пікір алмасты. Бұл қатысушылар арасында жанды диалог пен өзара түсіністік ахуалын тудырды.
|