Негізгі бет /
Хабарландыру
12.04.2021 Докторанттардың диссертацияларын талқылау өтеді
Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты «6D010500 - Дефектология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңесі жанындағы Ғылыми семинарда төмендегі докторанттардың диссертациялық жұмыстарының талқылауы болады:
1. Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты Айнур Кабдырова. Диссертацияның тақырыбы - «ЖОО оқытушыларының мүгедектігі бар студенттерді оқытуға дайындығы». Отандық ғылыми кеңесші - Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Зульфия Мовкебаева. Шетелдік ғылыми кеңесшісі - Мария Гжегожевская атындағы арнайы педагогика Академиясының профессоры Данута Аль-Хамиси, (Польша) Рецензенттер - п.ғ.к., «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ, Арнайы және инклюзивті білім беру зертханасының меңгерушісі Ирина Елисеева және п.ғ.к., Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология Жоғарымектебі деканының м.а. доцент Гүлжан Оразаева.
2. Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты Дана Хамитова. Диссертация тақырыбы - «ЖОО-да мүгедектігі бар студенттерді қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттары». Отандық ғылыми кеңесші - п.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Зульфия Мовкебаева. Шетелдік ғылыми кеңесшісі - доктор PhD, доцент Ицка Дерижан (Болгария). Рецензенттер - п.ғ.к., Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология Жоғары мектебі, Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессорының м. а. Ирина Денисова және Silk Way Халықаралық университетінің Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы (Шымкент қ.) п.ғ к., Әсия Жалмұхамедова.
Онлайн: https://us02web.zoom.us/j/83448126163?pwd=NzR0cTIwNkVNUTBNSEErNGdXOVNkdz09
Идентификатор: 834 4812 6163
Код: 546243
Мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Қазбек би, 30 үй, оқуғимараты1, (2 этаж, аудитория №203).
|