қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
09.01.2018

Елімізде білім беру заңына өзгерістер енгізілмек

 


 

Елімізде білім беру заңына өзгерістер енгізілмек. Енді, жоғарғы оқу орындарының жұмыстарын арнайы құрылған топ бақылайды. Бұл туралы еліміздің мәжіліс депутаттары бүгінгі басқосуда мәлімдеді. Жиынға мәжілісмендерден бөлек, университеттердің ректорлары, мұғалімдер мен студенттер қатысты. Ақ жағалылардың айтуынша, оқу бітіргенде берілетін дипломның лицензиясы да өзгереді. Сонымен қатар, білім ошақтарының жұмыстары айқын болады. Яғни, кез келген ата-ана баласының тапсыратын оқу орнының барлық ақпаратын сайттан көре алады. Университеттерге академиялық дербестік және басқару дербестік беру туралы заң жобасы, 100 қадамның 78-шісіне сәйкес,- дейді халық қалаулылары.

 

«Өзгерістер әрине енгізіледі. Бірақ, сол өзгерістерді кең талқыға салу керек. Оның ішінде, бұрын лицензия мамандықтарға алынатын. Ендігі жолы лицензия бағытқа алынады. Себебі, бұл не үшін керек. Бұл ЖОО-дарына кеңірек мүмкіндік береді. Мысалы, мамандарды дайындау бағытында. ЖОО-ның мүмкіндіктері кеңейеді»,- деді Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы, Бейбіт МАМРАЕВ.

 

Қазір білім беру заңындағы жаңашылдықтар талқыланып жатыр. Аталған тақырып бойынша әлі бірнеше жиын өтеді. Ақ жағалылардың сөзінше, еліміздің жоғарғы оқу орындары мұндай өзгеріске дайын екен. Жаңадан енгізілген заң, бәсекеге қабілетті мамандарды көбейтуге септігін тигізеді

 

09.01.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty.tv