Негізгі бет
Жаңалықтар
31.10.2024 Окаяма университетінің (Жапония) профессоры Хироки Фуджимен ай сайынғы консультация 2024 жылдың 29 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ химия кафедрасында Окаяма университетінің профессоры (Жапония) Хироки Фуджи мен аға оқытушы Узакова Асем жетекшілік ететін докторанттар - Мұхамбетәлиева Зухра, Есімханова Құттықыздың қатысуымен кезекті онлайн-кездесу өтті.
Кездесу барысында профессор Фуджи мақалаларды құрылымдау, деректерді дұрыс ұсыну және тұжырымдарды нақты қалыптастыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Ол сонымен қатар диссертация жазу процесінде кездесетін негізгі қиындықтар туралы айтып, оларды тиімді шешудің жолдарын ұсынды. Бұл онлайн кездесулер ғылыми жұмысқа жаңа көзқарас енгізіп, зерттеу сапасын жақсартуға септігін тигізеді.
Бұл кездесу зерттеушілер мен ғылыми ізденіс жүргізушілер үшін өте маңызды. Онлайн кеңес алу кезінде докторанттар ғылыми мақалалар жазу барысындағы маңызды аспектілерді талқылап, диссертациялық жұмыстың нәтижелерін бағалау және талдау бойынша кеңестер алды.
|