қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.11.2024

2 курс студенттеріне арналған шеберлік сабақтар

 

2024 жылдың 30 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің педагогика кафедрасы 2 курс студенттерінің педагогикалық практикасы аясында шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. Шеберлік сабақтарын Алматы облысы Іле ауданының №29 мектебінің мұғалімдері өткізді.


Іс-шараға Іле ауданының әдіскері А.К. Молдағұлова, №29 мектеп директоры З. К. Қойшыбаева, сондай-ақ мектеп мұғалімдері: Б. Төлеухан, Ж. К. Темірбекова, Б. Жұмабай және Г. Құнанбаева қатысты.


Іс-шараны педагогика кафедрасының меңгерушісі Шолпан Колумбаева жүргізіп, студенттерге заманауи мектептегі тәрбиелік іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.


Іс-шара заманауи мектепте қажетті кәсіби құзыреттіліктер мен дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ студенттердің мамандыққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру мақсатында білім берудің өзекті мәселелері бойынша өткізілді. Іс-шара аясында келесі тақырыптар талқыланды: «Этикалық тәрбие және әдеп мәдениеті», «Цифрлық технологиялардың ықпалы», «Ұлттық құндылықтарды жаңғырту» және «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ».


Іс-шарада университет басшылығының атынан академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков сөз сөйлеп, педагогтарға алғысын білдірді. Ол екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне де сенім білдірді.


Жалпы, іс - шараға педагогика кафедрасының оқытушылары мен қызметкерлері, сондай-ақ «6в01-педагогикалық ғылымдар» бағытындағы білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 2 курс бакалаврларынан 50 ден астам студент қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=