қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.11.2024

«Бастауыш білім беру процессіне авторлық бағдарламаларды енгізу» ғылыми-әдістемелік семинары


2024 жылдың 1 қарашасында бастауыш білім беру кафедрасында «Бастауыш білім беру процессіне авторлық бағдарламаларды енгізу» ғылыми-әдістемелік семинары өтті. Іс-шараға бастауышта оқытудың озық тәжірибесі мен инновациялық тәсілін тарату мақсатында оқытушылар, мектеп зерттеуші педагогтар және студенттер қатысты.

 

Семинарды бастауыш білім кафедрасының профессоры Лариса Лебедева ашып, мектеп мұғалімінің авторлық бағдарламасының білім беру процессіне шығармашылық көзқарас көрсеткішінің маңыздылығын атап өтті. ҚР «Дарын» РҒПО өткізетін жыл сайынғы «Авторлық бағдарлама» байқауының қазылар алқасындағы кафедра педагогтарының жұмыс тәжірибесі туралы айтып өтті.

 

Семинар барысында Жамбыл ауданы, Қордай ауылы Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназиясы КММ, педагогикалық өтілі 35 жылдық педагог-зерттеушінің Евгения Филиппованың бастауыш сынып оқушыларында сөйлеуді дамыту бойынша практикалық жұмысы талқыланды. Сондай-ақ, Жамбыл ауданы, Қордай ауылы Дінмұхамед Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназиясы КММ, педагогикалық өтілі 25 жылдық педагог-зерттеушінің Елена Солодовникова Сингапур әдістемесін қолдана отырып, «4К» құзыреттілігін қалыптастыру бағдарламасы, Жамбыл ауданы, Қордай ауылы Ахмет Байтұрсынов атындағы №51 мектеп КММ, педагогикалық өтілі 33 жылдық педагог-зерттеушінің Елена Мехнина математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту бағдарламасы ұсынылды.

 

Семинарда бастауыш білім беру кафедрасының профессоры Әсел Ақпаева үлгілік оқу бағдарламаларындағы функционалдық сауаттылықты іске асыру туралы айтты. Семинарға «Бастауыш білім беру бизнес инновациямен» оқу бағдарламасының 2 курс студенттері қатысты. Олар аға оқытушы Мариям Бекбаеваның басшылығымен «Авторлық бағдарлама: идеядан енгізуге дейін» кластерін құрды.

 

Семинар қатысушылардың өздерінің педагогикалық тәжірибесіне енгізе алатын табысты тәжірибелері мен жаңа идеяларын талқылаумен аяқталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=