Негізгі бет
Жаңалықтар
05.11.2024 Бостандық ауданы полиция басқармасының өкілдері жатақхана студенттерімен кездесті
2024 жылдың 31 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен Бостандық ауданының полиция басқармасы жатақхана студенттерімен кездесті.
Кездесудің спикерлері Бостандық ауданы полиция басқармасының полиция капитаны Айбек Кажатбеков пен аға лейтенант Дархан Бекбау болды. Сонымен қатар шараға Математика, физика және информатика факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасұлан Мұхашев, Тарих және құқық факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Медет Азанбаев пен №5 жатақхана студенттері қатысты.
Кездесу барысында спикерлер жастар арасында жиі орын алатын құқықбұзушылықтар мен нашақорлық, оның алдын алу жолдары, алаяқтық, жеңіл ақшаға құмартып, теріс жолға түсу, ұрлық, зорлық-зомбылықпен қатар, лудомания тақырыптары төңірегінде әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, университет жатақханаларындағы ішкі тәртіп, әдеп кодексі, студенттің өзін-өзі ұстауы, арандатушылыққа жол бермеу және қылмыстық жауапкершілік туралы ақпараттармен бөлісті.
Шараға қатысушылар кездесу аясында спикерлерге сұрақ қойып, тұщымды жауаптар алды. Сөз соңында әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Қайнар Маликов кездесу қонақтары Айбек Кажатбеков пен Дархан Бекбауға арнайы келіп, ақпараттық-танымдық дәріс өткізгендері үшін өз алғысын білдірді.
Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент |