Негізгі бет
Жаңалықтар
06.11.2024 «Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі» мамандығын таңдаған студенттерді қабылдау кеші 2024 жылдың 2 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында «Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі» мамандығын таңдаған студенттерді қабылдау кеші ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты - жоғары оқу орнына түскен студенттердің болашақ бастамаларын қолдау, білім алушылардың көкжиегін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, рухани дамуына үлес қосу және өзара жақын қарым-қатынас орнату болды. Іс-шара барысында барлық студенттер жаңа оқу жылының басталуына орай кәдесыйларды естелікке алды.
Қабылдау кешін Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігі жанындағы Корей білім беру орталығының қаржылық қолдауымен 2023 жылы құрылған ҚазҰПУ - KSK Корей орталығы ұйымдастырды (корей тілі оқытушылары - Нам Наталья, Пак Субин, Бурмистрова Елена және Құлтасов Мақсат).
Айта кетейік, Филология факультетіндегі шығыс филологиясы және аударма ісі бөлімі 2021 қайта құрылып, 4 жылдың ішінде негізгі оқу тілі - корей тілін таңдаған студенттер қатары 90-ға толды. Ағымдағы оқу жылында аталған мамандыққа оқуға түскен студенттердің рекордтық саны 30-ға жеткендіктен, тағы да қосымша 2 топ ашылып отыр.
Ұйымдастырушыларға қолдау көрсеткені үшін шығыс филология және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Назым Қоңқабаеваға алғыс айтамыз.
|