Негізгі бет
Жаңалықтар
13.11.2024 Ректордың Тарих және құқық факультетінің студенттерімен кездесуі
2024 жылдың 12 қарашасында ректор Болат Тілеп Тарих және құқық факультетінің білім алушыларымен кездесу өткізді. Оған факультеттің 100-ден астам студенті қатысты.
Ашық диалог форматындағы кездесуде оқу үрдісінің сапасын арттыруға және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған өзекті мәселелер талқыланды. Университеттің инфрақұрылымын дамыту, материалдық-техникалық базасын жаңарту, сабақ кестесін жүйелеу, коворкинг орталықтар желісін кеңейту, сонымен қатар педагогикалық емес мамандықтар студенттерінің тәжірибеден өтуі және археологиялық экспедицияларға қатысуы үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері қозғалды. Оқу ақысын төлеу, өндірістік практиканы ұйымдастыру, жатақханалар мен жаңа кітапхана салу, сондай-ақ тарихи деректерге қолжетімділікті жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, студенттерді әлеуметтік қолдау, қысқы семестр форматы және емтихан сессиясын өткізу мәселелері қаралды. Студенттер археологиялық және тарихи зерттеулерге арналған танымдық іс-шаралар ұйымдастыруды ұсынды.
Кездесу барысында ректор Болат Тілеп болашақ түлектердің рухани-мәдени дамуы мен жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуының маңыздылығына тоқталды.
«Бүгінде біз білім сапасын арттыру, инфрақұрылымды белсенді дамыту және оқу үрдісіне цифрлық технологияларды енгізу бағытында маңызды қадамдар жасап жатырмыз. Біздің мақсатымыз - терең білім беріп қана қоймай, болашақ түлектерге рухани және мәдени жағынан бай, қоғамға өз үлесін қоса алатын тұлға болып қалыптасуына ықпал ету», - деді ректор.
Кездесуде студенттер сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды.
|