қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.11.2024

Ректордың Педагогика және психология факультетінің студенттерімен кездесуі


2024 жылдың 13 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп Педагогика және психология факультетінің 1-4 курс студенттерімен кездесу өткізді.

 

Кездесуде университеттің академиялық және әлеуметтік бағыттағы қызметін жетілдіруге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Студенттер аудиториялық қорлардың тапшылығы, оқу ғимараттарын жаңғырту, интерактивті тақталармен жарақтандыру, Wi-Fi желісінің сапасын жақсарту, қысқы сессия форматы, сондай-ақ жатақханалардағы медициналық пункттің қызметі туралы мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, белсенді студенттерге әлеуметтік GPA балын көтеру, жатақхана орыныдармен қамтамасыз ету, коуоркинг-орталықтарын ашу, медиа-студия үшін арнайы маман тарту, аудиториялар мен асханаларға жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелері қозғалды.

 

Университет басшылығы ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлыққа қойылатын талаптарды, сондай-ақ студенттерге жеңілдіктер беру ережелерін түсіндіріп, өндірістік және педагогикалық практикадан өту орындары туралы ақпарат берді.

 

Кездесу барысында ректор Болат Тілеп оқу орнының ғимараттары еліміздің тарихи нысандары қатарында екенін айта келе, оқу ғимараттарын университет меншігіне қайтару, инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру және студенттерді әлеуметтік қолдау бойынша кезең-кезеңімен атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Ректор студенттер үшін университет қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігінің маңыздылығын, сондай-ақ білім алушыларға қатысты мәселелерді шешуде студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті.

 

Ректор сонымен қатар педагогикалық университеттің «алтын өзегі» болып табылатын Педагогика және психология факультетінің маңыздылығына ерекше тоқталып, оның университеттің беделін арттыруға және педагогикалық кәсіп мәртебесін нығайтуға ықпал ететін болашақ педагогтарды даярлаудағы шешуші рөлін атап өтті.

 

Кездесуде студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын айтып, алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=