қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.11.2024

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру  мәселесі әдістемелік тұрғыда талданды


2024 жылдың 14 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасының оқу жоспарына және сабақ кестесіне сәйкес 3 курс студенттеріне «Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесі» оқу пәнінен п.ғ.д., профессор А.Е.Манкеш ашық сабақ өткізді.

 

Оқу пәнінің силлабусында көрсетілгендей, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып ұйымдастырылған оқу іс-шарасында балаларды қоршаған әлеммен таныстырудың негізгі формасы, әдіс-тәсілдері әдістемелік тұрғыда талданды. Студенттер практикалық сабақ барысында белсенділік танытып, өз пікірлерін дәлелдей білді. Сабақта қазіргі заман талабына сай «Wordwall»,  ютуб, Quizizz, Padlet, Kahoot және тағы басқа цифрлық технологиялар пайдаланылды. Бұл сабақтың құндылығын арттыра түсті.

 

Ашық сабаққа мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессор-оқытушылары қатысты: Ұ.Қыяқбаева  Ғ.Таубаева, А.Айтпаева, А.Алимбекова, А. Жакупова, С.Еркебаева.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы