қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.11.2024

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы «Жеке қаржыны басқару» семинар-тренингі


2024 жылдың 11 мен 15 қарашасы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменті мен «AMANAT» партиясының бірлесе ұйымдастыруымен «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында «Жеке қаржыны басқару» атты  семинар-тренинг өтті.

 

Студент жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға университеттің 7 факультеті мен 1 институтынан студенттер мен олардың жетекші-эдвайзерлері қатысты.

 

Семинар-тренингтің спикері - «Ұлы Дала» ауылдық кәсіпкерлікті дамыту қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша қаржы сарапшысы, инвестор әрі кәсіпкер Сандуғаш Исимова болды.

 

Шара барысында спикер қаржылық сауаттылық негіздері, жеке қаржыны басқару, жинақтау, сақтау және көбейту, жеке/отбасылық бюджетті есепке алу; дисконттаудың негізгі принциптері, дисконттаудың практикалық мысалдары, қаржылық бағалау әдістері; кредиттердің түрлері, кредиттеу кезінде есептеу, депозиттердің түрлерін, банктік ставкаларды, пайыздарды зерделеу, сондай-ақ инфляция, банк жүйесі, сақтандыру және қор нарықтары туралы ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, Сандуғаш Исимова қаржылық тәуелсіздік жолында жасалу керек қадамдар, қаржылық жоспарлау құралдары, қарыздарды оңтайландыру, қарыздар мен несиелерді жою туралы да айтып өтті.

 

Сондай-ақ, шара қатысушыларына кірістерді арттыру жолдары, ШОБ субъектілеріне мемлекеттік және мемлекеттік емес қолдау шаралары, тиімді банктік құралдар, бизнес-жоспар құру әдістемелері, конкурстарға қатысуға сүйемелдеу туралы түсінік берді және әртүрлі заңгерлік ақыл-кеңестерімен бөлісті.

 

Шара соңында семинар-тренингке қатысқан студенттер мен жетекші-эдвайзерлерге «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында «Жеке қаржыны басқару» курсынан өткенін растайтын және қаржылық сарапшылар мен заңгерлерден тегін кеңес алуға бір жылға жарамды сертификаттар табысталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент