Негізгі бет
Жаңалықтар
18.11.2024 Ректор студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдерімен кездесті 2024 жылдың 15 қарашасында ректор Болат Тілеп Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары - «Студенттік деканат» және «Студенттік ректорат» мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының негізгі қызметі мен жылдық жұмыс жоспарлары талқыланды. Олардың студенттік өмірді тиімді ұйымдастыруда және университет басшылығы мен студенттер арасындағы байланысты нығайтуда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. Оқу үрдісі мен студенттердің күнделікті өміріне қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ студенттік ұйымдардың қатарына белсенді студенттерді сайлау науқаны ашық форматта өткені айтылды.
Сонымен қатар, университетте атқарылған жұмыстар туралы студенттерді хабардар ету жолдары, студенттік ортаның бастамалары мен мәселелерін басшылыққа жеткізу, оларды шешуге көмектесу тетіктері қарастырылды. Университеттің негізгі студенттік ұйымдарына жұмыс жоспарларын құруға және оларды университет Басқармасының қарауына ұсынуға мүмкіндік берілді.
Ректор студенттерге қолдау көрсетудегі студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының маңыздылығын және олардың университеттің білім беру және әлеуметтік ортасын жақсартуға белсене атсалысуына ерекше тоқталды.
Кездесу соңында ректор «Студенттік ректорат» мүшелеріне куәліктер табыс етіп, олардың қызметі университеттің барлық студенттері үшін неғұрлым қолайлы және нәтижелі білім беру ортасын құруға ықпал ететініне сенім білдіре отырып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
|