Негізгі бет
Жаңалықтар
15.01.2018
Заманауи жоғары оқу орындарын басқару стратегиясы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ағымдағы жылдың 10 - 11 қаңтары күндері "Кәсібилік және педагогикалық шеберлік" қысқы мектебі аясында «Заманауи жоғары оқу орындарын басқару стратегиясы» семинары өтті.
Семинардың мақсаты заманауи жоғары оқу орнының кадрлық стратегиясын әзірлеу негіздерімен, білім беруді басқарудағы инновациялық тәсілдермен және персоналды тиімді басқару принциптерімен таныстыру.
Бірінші проректор Мақтағали Бектемесов семинарды аша отырып, сөз барысында екі күндік семинардың маңыздылығын атап өтті.
Семинарға проректорлар, департамент директорлары, Университеттің стратегиялық даму жоспарын әзірлеу бойынша құрылған жұмыс тобы қатысты.
Семинардың бірінші бөлімін «ЖОО көлемінде песоналды тиімді басқару стратегиясы. Білім беруде қолданылатын инновациялық әдістер» тақырыбымен AlmaU профессоры Ақмарал Алталиева жүргізді. Қатысушылардың назарына келесі мәселелер ұсынылды: - Заманауи жоғары оқу орнында адам ресурстарын басқару стратегиясы - Адам ресурстарын/ Капиталын (АРБ/ K) басқарудың қазіргі заманғы тенденциялары; - «Креативті сынып»: қалыптастыру, дамыту, ынталандыру; - ЖОО (АРБ/K) тәжірибесінің ерекшеліктері: халықаралық және - отандық тәжірибе; - ЖОО қызметкерлерін ынталандыру; - ЖОО ғылыми-педагогикалық кадрларын дамыту: бенчмарк (үздік әлемдік тәжірибе); - Табысты стратегиялық басқару: инновациялық тәсілдер; - ЖОО қызметкерлерін - ынталандыру КРІ және жетістіктердің басқа басқару жүйесі: жетістіктері және шектеулер; - Стратегиялық жоспарлардың нәтижелік көрсеткіштерін өлшеу; - Персоналды басқару және ынталандырудың инновациялық құралдары.
AlmaU доценті Озат Байсеркеевтің қатысуымен өткен «Басқарушылық инновациялар - ұзақ мерзімді артықшылықтардың басты факторы. Ұзақ мерзімді артықшылықтар үлгісі стратегиялық басқарудың әдістемелік негізі» семинарының екінші бөлімінде келесі мәселелер қарастырылды: - Тұтынушыр үшін құндылығы; - Негізгі құзыреті; - Нарықтың және саланың болжамы; - Стратегиялық талабы; - Адаптивті көшбасшылық; - Ұйымның көлденең-циклдық құрылымы; - Ресурстық тетіктер және бизнестің экожүйесі; - Корпоративтік мәдениет.
Семинардың бұл бөлігінде қарастырылған заманауи жоғары оқу орнының дамуын стратегиялық жоспарлаудың жаңа тәсілдеріне қатысушылар ерекше қызығушылық танытты. Сонымен қатар жаңа, өзекті ақпараттар берілді. Сондай-ақ, аталмыш семинар Университеттің құрылымдарының барлық деңгейін біріктіріп, жұмыс үрдісіне сырт көзқараспен қарауға, оның күшті және әлсіз жақтарын түсінуге көмектесті. Семинарда алған білімдер мен тәжірибе оқу орнын басқарудың тиімді үлгісін құруға және кадрлық потенциалдың, яғни отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандардың қалыптасуына ықпал етеді.
Іс-шараның қорытындысында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Қатысушылар өз тарапынан дәріс оқып, тәжірибелерімен бөліскен мамандарға алғыс білдірді. Сондай-ақ осындай іс-шаралардың тиімділігі туралы өз ойларымен бөлісті.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім |