қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Рахимова Гульнара Дүйсенқызы

Рахимова Гульнара Дүйсенқызы

Қысқаша өмірбаяны

 

Рахимова Гульнара Дүйсенқызы 1975 жылдың 14 наурызында Шымкент облысы Жетісай ауданының Ворошилов совхозында дүниеге келген.

·  1981-1991 жж. Жетісай ауданына қарасты Ворошилов совхозында орналасқан «Қазақ ССР-інің 40-жылдығы» атындағы жалпы орта мектебін күміс медальмен бітірген.

·  1991-1996 жж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетін бітірген.

·  1999-2002 жж. аралығында Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика институтының 09.00.11 – әлеуметтік философия мамандығы бойынша   аспирантурасының күндізгі бөлімін тәмамдаған.

·  2006 жылы «Құрманғазы дүниетанымы қалыптасуының мәдени философиялық алғышарттары» тақырыбында 09.00.13 – Дінтану. Философиялық антропология. Мәдениет философиясы мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған.

·  2006-2007 жж. Қазақ қатынас жолдары университетінде доцент қызметін атқарған.

·  2007 ж. бастап Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетінде қызмет атқарады.

·  2011-2013 жж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Филология» факультетін бітірген.

Философия ғылымдарының кандидаты (2006 ж).

50-ден астам ғылыми мақалалар мен 2 монографияның  авторы. Зерттеу саласы – Философиялық антропология, мәдени антропология, мәдениет философиясы.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы.

 

Білімі

Оқу орны

Квалификация

Бітірген жылы

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті

Мәдени-ағарту қызметкері

1996 ж

 Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика институты

 Аспирантура 09.00.11 – әлеуметтік философия

2000 ж

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

050117-Қазақ тілі мен әдебиеті

2011 ж

 

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәрежесінің аталуы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Философия ғылымдарының кандидаты

09.00.13 – Дінтану, Философиялық антропология,  Мәдениет философиясы.

FK 0001802

03.11.2006 ж.

 

Оқитын пәндері (дайындық деңгейлерінің тізімі)

Бакалавр

Ø    Философия

Ø    Этика және эстетика

Ø    Салыстырмалы және гендерлік зерттеулер

Магистратура

Ø    Антропологиялық теориялар

Ø    Қазіргі заманғы мәдениет зерттеулері

 

Негізгі еңбектері

1.   Рахимова Г.Д. Құрманғазы дүниетанымы қалыптасуының мәдени-философиялық алғышарттары. Монография.  Алматы: «Techmith» баспасы, 2023.-200 б.

2.   Таирова Б.Л., Рахимова Г.Д. Ғылым дамуының философиялық мәселелері. Монография. Алматы: «Techmith» баспасы, 2023.-156 б.

3.  Consent Strategies: Cultural and Civilizational Paradigms for Communicative Rationality and Axiological Identity. Volume 7, Issue 6, 2022. Philosophies, 7(6), 129. https://doi.org/10.3390/philosophies7060129

https://www.mdpi.com/2409-9287/7/6/129/htm

Skopus Q1- Philosophy

Percentile – 78

ORCID:0000-0002-8135-0824

 

Марапаттары

1.Мерекелік медаль «Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл». Куәлік №619 (2018).

2. Абай атындағы ҚазҰПУ-дің «Үздік ұстаз» төсбелгісі. №845 (2022 ж.).

3. Абай атындағы ҚазҰПУ-дің «Үздік қызметкер» төсбелгісі. №871 (2022 ж.).

4. Мерекелік медаль «Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл». Куәлік № 113 (2023 ж.).


← Кері оралу