қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.12.2024

Кәсіби бағдарлану адамның кәсіби бағдар алуының негізі ретінде


2024 жылғы 6-12 желтоқсан аралығында Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Т.Ф. Дауылбаев және А.Д. Мейірманов Алматы қаласындағы №81 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушыларымен және мұғалімдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында түлектерге мамандықты қалай таңдау керек, өздерін кәсіби және әлеуметтік тұрғыдан жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қажетті білім мен дағдылар жиынтығына ие болу үшін не істеу керектігі түсіндірілді. Сондай-ақ болашақ студенттерге мамандық таңдау бойынша кеңестер, сұрақтарына жауаптар беріліп, жадынамалар таратылды.


Осыған орай кафедрада 2024-2025 оқу жылында студенттерге тиімді кәсіптік бағдар беру жүйесін құрудың тиімді механизмі әзірленген еді. Жасөспірімдер арасында әрбір адамның қалауы, қабілеті, жеке ерекшеліктеріне сәйкес кәсіби өзін-өзі анықтауды қалыптастыруға ықпал ету және елдегі әлеуметтік-мәдени және экономикалық жағдайды ескерілген. Мектеп оқушыларының назарына Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы туралы презентация, веб-сайт туралы ақпарат, талапкерлерді қабылдау ережелері ұсынылды.

 

  alt=  

 

  alt=