қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.12.2024

Жатақханада психологиялық тренинг өтті

 

2024 жылдың 9-13 желтоқсан аралығында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Дүрбелеңсіз емтихан» тақырыбында жатақхана студенттерімен психологиялық тренинг өтті.

 

Психологиялық тренингтің мақсаты - сессия кезінде және емтихан алды кезеңде психологиялық кедергілерді жеңуге көмектесу, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бақылау дағдыларын үйрету, өзіне және өз күшіне деген сенімділікті арттыру.

 

Тренинг қатысушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында «Танысу» жаттығуымен басталды. Тренинг барысында студенттерге нейрогимнастикалық және диафрагмалық тыныс алу жаттығулары жүргізілді. Емтиханға деген көзқарастары мен қорқыныштарын анықтауға арналған «Ашығын айтқанда...», «Жетістікке 5 қадам» сынды психологиялық жаттығулар жүргізілді. Сонымен қатар, студенттердің ішкі үрейі мен қорқынышын жеңуге, ашық болуға бағытталған «Ми орталығы жаттығуы» жүргізілді. Психолог мамандар студенттерге ой салар мысалдар келтіріп, студенттердің емтиханға дайындық кезінде зейінін шоғырландыруға арналған «Эйзенхауэр матрицасы» және «Pomodoro» әдісі ұсынылды. Тренинг соңында, студенттер қызықты пікірталас арқылы ой тұжырымдамалар жасап, «Жүректен жүрекке» жаттығуы арқылы кері байланыс берді.

 

Психологиялық тренингке университетіміздің №1, 2, 3, 8 және 5 жатақханаларынан 150-ге жуық студент қатысты.

 

  alt=  

 

Психологиялық қолдау қызметі