қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.12.2024

12 томдық «Алашорда ісі. 1920-1940 жж. Құжаттар мен материалдар» жинағы  жарық көрді


2020 жылдың 24 қарашасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі» құрылған республикалық мемлекеттік комиссия жұмысы аясында университетіміздің зерттеуші-профессоры, ҚР ҰҒА академигі М.Қ. Қойгелдиевтің ғылыми жетекшілігімен даярланған 12 томдық «Алашорда ісі. 1920-1940 жж. Құжаттар мен материалдар» жинағы жарық көрді. Көптомдықта ғасырға жуық мерзім ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі Істер министрлігінің, Бас прокуратурасының архив қорларында жабық түрде сақталып келген «Алашорда-Қазақ» мемлекеттігі үшін күрес жолында мерт болған қайраткер тұлғалар мен олардың отбасы мүшелері үстінен жүргізілген тергеу материалдары мүмкін болғанша толық күйде берілген.

 

Көптомдық Мемлекеттік Кеңесші Ерлан Кариннің атап көрсеткеніндей, Алаш-Қазақ ұлт-азаттық қозғалысына қатысты аса құнды құжаттық куәлік материалдардың осындай көлем және мазмұнда соңғы 30 жылдықта алғаш жарық көруі болып табылады. Кітапты даярлау ісіне университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы, «Айтылған тарих» ғылыми зертхананың зерттеушілері З. Мырзатаева мен Р. Мирзакулова атсалысты.

 

Бұл маңызды ғылыми тақырыпқа арналған көп томдық деректі материалдар жинағы университет профессор-оқытушылар құрамының отандық тарихнаманың дамуына қосқан қомақты үлесі.

 

  alt=