Негізгі бет
Жаңалықтар
20.12.2024 Мектепке дейінгі білім беру саласындағы теоретиктер мен практиктердің өзара тәжірибе алмасу диалогы 2024 жылдың 18 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының өкілдері - PhD доктор, қауымдастырылған профессор Гүлбану Абитова, «7М01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Анита Интыкбекова және «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Марита Гура №2 Алматы көпсалалы колледжінің оқытушысы Рашида Мәметьярова ұйымдастырған «Менің болашақ мамандығым: мектепке дейінгі білім берудегі табысқа жету қадамдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты - мектепке дейінгі ұйым болашақ педагогтерінің кәсіби дамуының бірыңғай бірлескен платформасын құру.
Дөңгелек үстелде қазіргі мектепке дейінгі білім берудегі өзекті мәселелер, мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби өсу перспективалары, педагог-тәрбиешінің жұмысында интерактивті технологияларды қолдану талқыланды.
Талқылауға Алматы қаласы білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы ШЖҚ МКК қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының басшысы Наталья Карасева, колледждің тәжірибелі оқытушылары, практик-тәрбиешілер, сондай-ақ студенттер қатысты.
Дөңгелек үстел мектепке дейінгі білім беру саласындағы теоретиктер мен практиктердің өзара тәжірибе алмасуының шығармашылық диалогынаайналды, білім беру үдерісін байытып, білім алушыларға олардың кәсіби дағдыларын дамыту үшін бірегей мүмкіндіктер мен тәжірибе болды.
|