Негізгі бет
Жаңалықтар
06.01.2025 Музыкалық білім және хореография кафедрасы оқытушыларының аттестаттау комиссиясына қатысуы 2024 жылға арналған аттестаттау комиссиясының құрамын алдын ала бекіту негізінде және К.Байсеитова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті ректоры Р. Нұртазаның шақыруы бойынша 2024 жылғы 23-27 желтоқсан аралығында педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер факультеті музыкалық білім және хореография кафедрасының қауымдастырылған профессоры Светлана Балагазова музыкалық-орындаушылық өнер - «6В02105-дирижерлеу», «6B02126-оркестрлік дирижерлеу», «6В02103-Вокалдық өнер», «6В02102-Аспаптық орындаушылық (Фортепиано)», «6В02116 - Дәстүрлі музыкалық өнер (домбыра)», «6B02181-Эстрада өнері - эстрада вокалисті», «6В02182-Өнер эстрада - эстрада әртісі», «6В02122 - Аспаптық орындау-Ішекті аспаптар (Скрипка)», «6B02102 - Аспаптық орындау - Ішекті аспаптар (АВАК)», «6B02123 - Аспаптық орындау - үрмелі және ұрмалы аспаптар», «6B02109 - музыкатану», «6B02130 - Композиция», «6B02143 - Халық аспаптары (Қобыз және РНИ)» білім беру бағдарламаларының бакалаврларына «Арнайы педагогикалық даярлық» пәні бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысына төраға ретінде қатысты.
«Арнайы педагогикалық дайындық» пәнінің негізгі мақсаты орындаушы музыканттың практикалық кәсіби міндеттерін шешу үшін кәсіби педагогикалық құзыреттіліктерді, оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін қалыптастыру болып табылады.
К.Байсеитова атындағы ҚазҰӨУ-нің музыкалық-орындаушылық өнері білім беру бағдарламаларының студенттері кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін ғана емес, сонымен қатар қазіргі білім беру ортасында табысты жұмыс істеу үшін қажетті әлеуметтік маңызды қасиеттерді де көрсетті.
|