Негізгі бет
Жаңалықтар
08.01.2025 Abai University: «Қысқы мектеп» басталды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Қысқы мектеп» жобасы басталды. Қаңтар айынның 08 - 17 аралығын қамтитын дәстүрлі шарада әкімшілік басқару қызметкерлері, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы кәсіби шеберліктерін шыңдап, білімін жетілдіретін болады.
Арнайы семинарлар тиімді өту мақсатында үш секцияға бөлінген. Бірінші секцияға әкімшілік басқару қызметкерлері, оның ішінде факультет декандары, факультет декандарының орынбасарлары, кафедра меңгерушілері қатысады. Бұл топтың тақырыптары педагогикалық жоғары білім берудегі жаңа трендттер, сұраныстар, өзекті мәселелер, басқарудың менеджменті сонымен қатар академиялық адалдық принципін қалыптастыру мәселелері бойынша сессиялар ұйымдастырылды. Екінші секция университетіміздің тәжірибесі мол профессор оқытушыларына бағытталған. Бұл секцияда оқытудың жаңа форматтары, соңғы тендециялар, педагогикалық білім берудің мүмкіндіктері мен жаңашылдықтары талқыланады. Оқытудағы жасанды интеллектіні пайдалану, инклюзивті білім беру мәселелері, МООК әзірлеу, халықаралық білім беру платформаларына курс дайындау теориясы мен тәжірибесімен алмасу сынды тақырыптарға сөз етіледі. Биылғы жаңашылдық ол үшінші секцияның жұмыс барысы. Бұл топқа 2024/2025 оқу жылында университетімізге жұмысқа жаңадан қабылданып отырған үш жылдық жұмыс өтілінен аз және биыл құрылған эдвайзерлер институтының қызметкерлері қатысады.
Сессиялар академиялық адалдық кодексімен, Абай университетінің академиялық саясатымен таныстыруға бағытталған. Білім алушылардың жеке оқу троекториясын құру, студентке бағытталған жұмыс үдерісі түсінігін қалыптастыру. Силлабус деген не? Оны даярлау принциптері. Тәжірибеге бай профессор оқытушылардың дәріс өткізудің мастер класстары, Abai digital платформасының цифрлық ерекшелігі туралы семинарлар өтетін болады.
|