қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.01.2025

Абай университетінің зерттеу тобы Beijing Normal University және East China Normal University-де (ҚХР)


2024 жылдың соңында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың НҚБ-ның (ИРН BR21882318) зерттеу тобы, құрамында бағдарлама жетекшісі, Ғылым департаментінің директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор У.М. Абдигапбарова, зерттеуші профессорлар О.Б. Тапалова мен А.Е. Берикханова, сондай-ақ қауымдастырылған профессор А.Ж. Сыздықбаева және PhD С.Ч. Байсултанова, Beijing Normal University және East China Normal University-де (ҚХР) қызметтік іссапарда болды.


Іссапардың мақсаты - университеттердің цифрлық трансформациясы, желілік коммуникативтік мәдениет пен цифрлық этикетті дамыту саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасу.


Beijing Normal University (Пекин педагогикалық университеті) базасында білім технологиялары мектебінің профессоры доктор Тун Лили, доктор Ван Цисяо, Білім беру факультетінің халықаралық алмасу және ынтымақтастық басқармасының директоры доктор Лю Цзин, Халықаралық алмасу және ынтымақтастық басқармасының үйлестірушісі Ю. Гохуань ханым, сондай-ақ докторанттар Аббас Вахаб пен Фараз Ахмад қатысқан дөңгелек үстел өтті. Олар университеттің құрылымы мен жетістіктерін таныстырып, оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетті қалыптастыру жүйесін кастомизациялау мәселелерін талқылады.


Сонымен қатар зерттеу тобы Beijing SHIHUA International Education Technology Co., Ltd компаниясына барды. Компания президенті Мэй Якун және оның командасы магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша шетелдік студенттерді оқыту, студенттер мен оқытушылар арасындағы өзара әрекеттестікті «онлайн қауымдастық» платформалары арқылы арттыру мәселелерін талқылаған кездесу ұйымдастырды.


Зерттеу тобының Шанхайдағы East China Normal University-ге сапары да маңызды болды. Бұл жерде доктор Ван Хайянь қазақстандық делегацияны халықаралық байланыстарды нығайтудың тиімді механизмдерімен, сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің жаңа цифрлық ортаға бейімделу тетіктерімен таныстырды.


Іссапар өте нәтижелі өтті. Оның аясында әртүрлі университеттердің мәдени, білім беру және техникалық ерекшеліктерін ескере отырып, цифрлық платформаларды жаңғыртудың маңызды тәсілдері, сондай-ақ қолданыстағы білім беру басқару жүйелерімен интеграциялау мүмкіндіктері талқыланды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=