қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.01.2025

ІІ Халықаралық педагогикалық форум: «Білім беру стратегиялары: болашақ кадрларды даярлау»

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде қоғам қайраткері, академик, Серік Жайлауұлы Пірәлиевті еске алуға арналған "Білім беру стратегиялары: Болашақ кадрларды даярлау" атты халықаралық педагогикалық форум өтті.

 

Форумның басты мақсаты - қазіргі заманғы білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, болашақ кадрларды даярлауда тиімді стратегияларды әзірлеу және озық тәжірибелермен бөлісу.Жиынға келген форум делегаттары мен қонақтар әуелі ғалым С.Пірәлиевтің көзі тірісінде жарық көрген ғылыми еңбектері қойылған көрмені тамашалады.


Форумға Қазақстанның және шетелдің жетекші ғалымдары, педагогикалық сала мамандары, білім беру ұйымдарының басшылары мен өкілдері қатысты. Атап айтқанда әлем Нобель сыйлығының лаураеты, профессор Оңтүстік Кореядан арнайы келген Рае Квон Чунг, Өзбекстаннан профессор Гулнора Эрназарова, Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі Уткир Йулдошев сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректор Болат Тілеп және де академиктің ұлы, Q Групп Басқарма Төрағасы Болат Пірәлиев арнайы қатысты. Осымен екінші жыл дәстүрге айналған халықаралық жиында Абай университеті мен Q yниверситетінің білім алушы жастарына С.Ж.Пірәлиев атындағы шәкіртақы тағайындалып, салтанатты түрде табыс етілді. Пленарлық жиында Серік Жайлауұлы туралы оның артында қалдырған еңбектері жайында ғалымдар өз естеліктерімен бөлісті.

Қазақта "Жақсының аты, Ғалымның хаты өлмейді" деген нақыл сөз бар. Сондықтан адамзат баласының ғұмыры қысқа болғанымен, артында өнегелі істер қалдырып, белгілі бір саланы мықты меңгеріп, өзі өмірден өтсе де, еңбегі мен қызметі, айналасындағы адамдарға жасаған жақсылықтары мен жанына жақын тарта білетін жылылығы естен кетпейтін адамдар бар. Сондай келбетімен өмірде есте қалатын тұлғаның бірі педагог ғалым, қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА академигі Серік Пірәлиев. "Ол идеясы мен ісін Қазақстанның педагогикалық білімі мен ғылымы ұстаным еткен пайымы жоғары ұстаз, ғалым" - деп баға берді бірге еңбек еткен замандастары.

Халықаралық педагогикалық форумда білікті мамандар білім беруді цифрландыру және иновациялық тұрғыда оқытуды ұйымдастыру, жоғары оқу орнында оқытудың психологиялық-педагогикалық және оның әдістемелері туралы пікірлерін ортаға салды. Жиында жасанды интеллектіні білім беру саласында басқару құралы ретінде қалай пайдалануға болатындығы да талқыланды. Сонымен қатар, С.Ж. Пірәлиевтің ғылыми мұрасы мен оның Қазақстанның білім беру жүйесіне қосқан үлесі ерекше назарға алынды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=