қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.11.2010

 

2010 жылдың 18-ші қараша  күні  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде көрнекті қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР-на еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Ахмеди Ысқақұлының 100 жылдығына арналған «Профессор А. Ысқақов және ұлттық педагогика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті. Ахмеди Ысқақов қазақ тілі білімінің теориялық мәселелерін оның ішінде қазақ тілінің морфологиясын, сөз таптарын, графика, орфография, пунктуация мәселелерін жан-жақты зерттеген, қазақ тілінің мектепте  оқытылу әдістемесі мен орыс тілінің қазақ мектептерінде оқытылу әдістемесін дайындаған ғалым. Конференцияда ғалым Ахмеди Ысқақовтың ғылымға сіңірген еңбегі, қоғам қайраткері ретіндегі іс-қызметі туралы баяндамалар тыңдалды. Казақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі С. Қирабаев, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры, профессор Сабри Хизметли, Хурия Екхлев, Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Зафер Кебар және Алматыдағы жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.