қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.06.2021

Халықаралық онлайн-семинар
«KAZDUAL: Еуропалық жүйенің тәжірибесін ескерумен Қазақстандағы дуальды білім беруді тиімді дамыту жолдарын іздеу»

 

2021 жылғы 30 маусымда Абай атындағы ҚазҰПУ-да жүргізіліп жатқан ERASMUS+ бағдарламасының «KAZDUAL - Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» халықаралық жобасы аясында «KAZDUAL: Еуропалық жүйенің тәжірибесін ескерумен қазақстандағы дуальды білім беруді тиімді дамыту жолдарын іздеу» халықаралық онлайн-семинары өтеді.

Модератор-спикер - Педагогикалық технологияларды талдау зертханасының пост-докторанты, Абай атындағы ҚазҰПУ KAZDUAL жобасының үйлестірушісі - Сапарғалиева Б.О.


Спикерлер - Педагогика және психология институтының директоры, жоба сарапшысы - Абаева Г.А., Ғылым департаменті коммерцияландыру бөлімінің бастығы, жобаның негізгі тұлғасы - Игисинов Т.К., пост-докторант - Сабирова Д. А.


Семинардың мақсаты - KAZDUAL жобасының қатысушылары жұмыс берушілердің, жоғары оқу орындарының және әртүрлі секторлардағы білім алушылардың қажеттіліктері мен мүдделерін ескеруге, қолданыстағы практиканы жақсартуға және Қазақстандағы дуальды оқыту жүйесінің тиімділігін арттыруға, қазақстандық білім беруді реформалау бойынша қажетті шараларды айқындауға, енгізуге және қолдауға мүмкіндік беретін дуальды білім беру моделін әзірлейді.


Жобаға қатысушылар үшін жобаның еуропалық әріптестерінің тәжірибесін пайдалану, дуальды білім берудің қалыптастырылып отырған моделіндегі негізгі стейкхолдерлер ретінде білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің қатысуымен білім беру бағдарламаларын үндестіруге ықпал ету маңызды.

Жоғары оқу орындарының, колледждердің, мектептердің оқытушылары мен қызметкерлері, білім алушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар, пост-докторанттар, компаниялар, білім беру ұйымдары және барлық мүдделі тыңдаушылар шақырылады.

Уақыты: 2021 жылғы 30 маусым, сағат 10:00 (Алматы уақытымен)


Zoom арқылы конференцияға қосылу:
https://zoom.us/j/96446148521?pwd=ZUFPMDhmOHpzWkhxUzhuZEJ0WTFKUT09

Конференция идентификаторы: 964 4614 8521


Кіру коды: 315087

Ұйымдастырушылар - ҚазҰПУ-дегі KAZDUAL жобасының жұмыс тобы - Педагогика және психология институты, Ғылым департаментінің коммерцияландыру бөлімі, Педагогикалық технологияларды талдау зертханасы.

 

Бағдарлама