Негізгі бет
Жаңалықтар
22.02.2018 «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» декадасы
№1 Балалар үйінде 5В012300 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша 3 курс студенттерінің педагогикалық практикасы барысында «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік» білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша оқу-тәрбиелік (сабақтан тыс) әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар өткізілді.
2018 жылдың 2-19 ақпан аралығында Сара Алпысқызының туған күніне орай «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» декада өтті.
Декаданың мақсаты құндылықты бағдарлар арқылы балалар мен жеткіншектердің рухани-адамгершілік білімін қалыптастыру, шығармашылық әлеуетін, өзін-өзі тануға ұмтылысын дамыту. Мерекелік бағдарламаның мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтар ықпалдастырылды. Жалпы адамзаттық құндылықтар - бұл адамның ең негізгі бір бөлшегі, олар - адамның өмір сүруінің мәні. Осы құндылықтардан адамның өзіне және бүкіл әлемге деген қарым -қатынасы шығады.
«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы декада аясында: «Сүйіспеншілік және мейірімділік мерекелік Шеңбері», «Алтын жүрек» тәрбие сағаттары, «Әрқашан жан дүниемізде күн сөнбесін» жүрек сабақтары, «Сен - Мейірімді періштесің» қайырымдылық акциясы, «Мейірімді фильм», «Шын жүректен» Бенефис, «Құндылықтар - сау денеде гүлденеді» спорттық-сауықтыру конкурстары бойынша шаралар ұйымдастырылды.
Студенттер өткізілген конкурс пен сабақтар қорытындысы бойынша «Әлемге ризашылықпен күлімде» тақырыбында шығармашылық сурет-көрмесін безендірді.
Декаданың соңында балалар үйінің тәрбиеленушілері декаданың өту барысы туралы өздерінің әсерлерімен бөлісті, «Өзін-өзі тану» шыныменде адамға өзін табуға, өздерінің ең үздік қабілеттерін ашуға, өз жетістерінде сенімді болуға көмектесетін пән деген қорытынды жасап, керемет жүрек сабақтары үшін студенттерге алғыстарын жеткізді.
«Мейірім» қайырымдылық клубы |