қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
19.01.2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

 

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 2015 жылдың 24-26 сәуір аралығында қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, саяхатшы және ағартушы Ш.Уәлихановтың 180 жылдығына арналған дәстүрлі «Шоқан оқулары-19» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізеді.

Конференцияда келесідей секциялар мен секциялық бөлімдерінде қазіргі заманғы ғылымның түрлі салаларының көкейкесті мәселелері қарастырылады:
1. Шоқантану;
2. Тарих, география және этнология;
3. Философия, саясаттану және әлеуметтану;
4. Жалпы педагогика;
5. Психология;
6. Жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар:
6.1. физика және ФОӘ;
6.2. математика және МОӘ;
6.3. информатика және ИОӘ;
6.4. химия және ХОӘ;
6.5. биология және БОӘ; 7. Филология:
7.1. қазақ тілі;
7.2. орыс тілі;
7.3. шетел тілі;
8. Өнертану;
9. Экономика:
10. Ауылшаруашылық ғылымдары;
11. Техникалық ғылымдар;
12. Медицина;
13. Заң және құқық;
14. Экология және табиғатты қорғау;
15. Туризм және спорт.

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарық көреді. 2015 жылдың 20 наурызына дейін ұйымдастыру комитетінің valihan-19@mail.ru электрондық мекен-жайына мақала мәтінін (файл атауы: секция № мақаланың бірінші авторының тегі; мысалы: 1.2._Бакенеев_мақала); мақаланы жариялау туралы өтінім (өтінім нысаны бар); төлем құжатын (электрондық түрде болса - сканерленген) жіберулеріңізді сұраймыз.
Баяндаманы дайындау барысында авторлардың келесі ережелерді басшылыққа алуын сұраймыз. Толық 4 параққа дейінгі баяндама мәтіні 2 данада Winword мәтіндік редакторында терілуі тиіс, RTF форматы, Times New Roman шрифті, жоларалық интервал - 1, әріп өлшемі - 14, барлық шеттері - 20 мм.Атауының ресімделуі: МАҚАЛА АТАУЫ (қою сиялы бас әріптермен, жолдың ортасына); бір жолдан соң (ортасы бойынша тегістеу) автордың аты мен әкесінің атының бас әріптері; келесі жолда (ортасы бойынша тегістеу) - ЖОО, қала атауы; келесі жолда (ортасы бойынша тегістеу) - E-mail байланыс үшін; 1 жолдан соң - мақала мәтіні.
Ресімдеу мысалы:

 

Ш.УӘЛИХАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ахметов А.Д.
Көкшетау қ., Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
akhmetov_a@mail.ru

 

Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін...

Әдебиеттердің сілтемесі мәтінде келтіріледі: тік бұрышты жақшада әдебиеттер тізіміндегі номері және беті, мысалы: [1: 25]. Әдебиеттер тізімі («Әдебиеттер» атауымен) мақаланың соңында дәйексөз реті бойынша келтіріледі.
Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар мақалаларына ғылым кандидаты немесе докторының қолы қойылған рецензияны (сканерленген түрде; jpg формат) қоса ұсынсын.
Көрсетілген мерзімге дейін жіберілген материалдар ұйымдастыру комитетімен қарастырылады. Көрсетілген мерзімнен кеш берілген материалдар немесе талаптарға сәйкес толтырылмаған материалдар қарастырылмайды және кері қайтарылмайды. Студенттердің жұмыстары қабылданбайды.

Конференцияға қатысушылар үшін төленетін ұйымдастыру жарнасы - 4000 теңге. Көкшетау қаласы, «Цеснабанк» АҚ, TSESKZKA, РНН 361800022370, БИН 960840000681, ИИК KZ 61998JTB0000118553, КНП 861, ШЖҚ РМК «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті». «Шоқан оқулары -19» конференциясына қатысу үшін.

Конференцияға келумен байланысты шығындар қатысушылар мен жіберуші ұйымдар тарапы есебінен жүзеге асырылады.
Ұйымдастыру комитетімен хат алмасу тек көрсетілген электрондық мекен-жай бойынша жүзеге асырылады.

Ұйымдастырушы: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Ақан-сері көшесі, 24, РП бөлімі /104 бөлме/, Мансуров Қанат Жүсіпұлына.
Анықтама телефоны: 8 (7162) 72-11-12, 72-19-53. E-mail: valihan-19@mail.ru


Өтінім нысаны:

А.Ж.Т. (толығымен)
Жұмыс орны
Қызметі
Ғылыми дәрежесі, атағы
Пошта мекен-жайы, индекс
Байланыс телефоны
Электрондық мекен-жай
Бағыт (секция)
Баяндама тақырыбы
Техникалық құралдарға деген мұқтаждық
Қонақ үйге деген мұқтаждық
(санаты және ұйғарынды құны)


Ұйымдастыру комитеті