Негізгі бет /
Хабарландыру
27.07.2021 ҚР жоғары оқу орындарына арналған Инклюзивті білім беру ресурстық консультативтік орталығы жанындағы виртуалды зертхананың XIV вебинары
Инклюзивті және арнайы білім берудің отандық және шетелдік тиімді тәжірибесін тарату мақсатында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары үшін инклюзивті білім беру бойынша Ресурстық кеңес беру орталық жанында инклюзивті білім берудің виртуалды зертханасы жұмыс істейді.
Осы зертхана базасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерімен айналысатын мамандар, ата-аналар және барлық мүдделі тұлғалар үшін ай сайын тегін вебинарлар өткізіледі.
2021 жылы 30 шілдеде сағат 11.00-де ZOOM платформасы арқылы виртуалды зертхананың «Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға арнайы педагогтарды даярлау» тақырыбында кезекті он төртінші вебинарын өткізу жоспарлануда.
Күн тәртібі: 1. «Педагог» кәсіби стандартына сәйкес «Арнайы педагог» мамандығының карточкасы Спикер - педагогика ғылымдарының докторы, Абай атыындағы ҚазҰПУ профессоры Мовкебаева З.А. 2. «Әлемдегі арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту» атты оқу құралының презентациясы Спикер - М.Қозыбаев атындағы СҚУ аға оқытушысы Дюсенбаева Б.А.
Вебинарға сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/88315930497?pwd=by9IRG95M2ZCUmpENWNhaWhSUi9lZz09 Конференцияның жеке куәлігі: 883 1593 0497
Кіру коды: 341344
Барлық мүдделі тұлғаларды осы вебинарлардың жұмысына спикер және тыңдаушы ретінде қатысуға шақырамыз! |