Негізгі бет
Жаңалықтар
28.02.2018
«Заманауи өнер мен білім беру. Ұлттық және ғаламдық педагогикалық білім беру контекстінде: мәселелері, тенденциялары мен келешегі» халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы
2018 жылдың 27 ақпаны күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90-жылдық мерейтойы аясында «Заманауи өнер мен білім беру. Ұлттық және ғаламдық педагогикалық білім беру контекстінде: мәселелері, тенденциялары мен келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция өтті.
Аталмыш ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру контекстіндегі заманауи өнер мен білімді дамыту мәселелерін талқылау.
Конференцияға ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, Түрік халықтарының мәдениет қоры президенті, түрік әлемі газетінің бас редакторы Ахмет Дағдуран, Гази Университетінің профессоры Тимур Резин (Түркия), Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов, Өнер, мәдениет және спорт институты директоры Нұрдаулет Исабек, Бейнелеу және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры Баймұрат Оспанов, профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және докторанттар қатысты.
Ақтолқын Құлсариева алғы сөзінде конференцияның ауқымдылығы мен өзектілігіне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Конференция модераторы Баймұрат Оспанов сөз кезегін ғылыми іс-шараның құрметті қонақтары Ахмет Дағдуранға және Тимур Резинге берді. Түркия елінен келген қонақтарымыз Абай шығармашылығын жоғары бағалайтындықтарын, М. Әуезовтің «Абай жолы» романын бірнеше қайтара оқығандарын және ұлы ойшыл және ақынның есімімен аталатын университет қабырғасында болу құрметіне ие болғандары үшін алғыс білдірді.
Ұйымдастыру комитетіне конференцияға қатысу үшін 100-ге жуық өтінім қабылданып, олардың шамамен 20% өтінімі Университетіміздің магистранттары және докторанттарынан түскен. Конференцияда білім беру саласының қызметкерлері, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының өкілдері, жақын және алыс шетел, жас зерттеушілер баяндама жасады. Конференцияның төрт секциясының жұмысы барысында заманауи өнерді және білім беруді дамыту мәселелерінің өзектілігі айқындалып, тыңдармандардың қызығушылығын тудырған ғылыми мақалалардың деңгейі жоғары бағаланды.
«Заманауи өнер мен білім беру. Ұлттық және ғаламдық педагогикалық білім беру контекстінде: мәселелері, тенденциялары мен келешегі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім |