Негізгі бет
Жаңалықтар
03.03.2018
«Жүректегі құндылықтар» сахналық көріністер сайысы
2018 жылдың 28 ақпанында «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында п.ғ.к., қауымд. профессор Гульбахира Ширинбаеваның жетекшілігімен 5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 5В010300 - Педагогика және психология, 5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтары бойынша 2 курс студенттерінің арасында «Жүректегі құндылықтар» тақырыбында сахналық көріністер сайысы өтті.
Аталмыш сайысқа 5 топ қатысты: «Ішкі тыныштық», «Сүйіспеншілік», «Дұрыс әрекет», «Ақиқат», «Қиянат жасамау».
Сайыстың 1 кезеңінде қатысушылардың «Жүректер жолымен» тақырыбын ашу идеясының рухани тереңдігі, үйлесімділігі (сахна, ән, музыка, видео, презентация), актерлік шеберлігі, регламентке сәйкестігі көрсетіліп, 20 балдық көрсеткішпен бағаланды.
«Жүректегі құндылықтар» сайысының 2 кезеңінде жалпыадамзаттық құндылықтарды түрлі көркем шығармаларға интеграциялау, яғни креативті идея, тұтастық, әлем, қоғам, табиғат және түрлі жанрлар қолдану шеберліктері 25 балдық көрсеткішпен бағаланды.
Сахналық көріністер сайысында музыкалық білім беру және хореография кафедрасынан профессор Менслу Джексембекова, доцент Лаура Какимова, жастар ісі жөніндегі комитетінен Дидарбек Ділдәбек, Балжан Шораевадан құралған қазылар алқасының құрамы топтардың қойылымдарын бағалап, І, ІІ, ІІІ орындарға ие болған қатысушыларды анықтап, бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапаттады.
«Мейірім» қайырымдылық клубы |