қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.08.2021

Қызметкерлер, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар назарына!


Халық арасында COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны артуына байланысты коронавирус инфекциясының белгілері бойынша назарларыңызға ақпараттық жадынаманы ұсынамыз. Ақпаратқа ерекше назар аударып, сақ болуларыңызды сұраймыз!


Коронавирустың негізгі белгілері:
- дене температурасының жоғарлауы;
- жөтел (құрғақ немесе аз қақырықты), мұрыннан су ағу;
- тыныс алудың бұзылуы, ентігу;
- кеуде қуысының тарылуы;
- бас ауруы;
- диарея;
- жүрек айнуы;
- жалпы әлсіздік;
- бұлшықеттердегі ауырсыну;
- иіс сезу қабілетінің жоғалуы, дәм сезу қабілетінің бұзылуы.


Инкубациялық кезең 2-14 күн


!!! Егер Сізде бұл белгілер болса:
- үйде болыңыз, вирустың таралуын болдырмау үшін оқшауланыңыз;
- дәрігер көмегіне жүгініңіз;
- коронавирусқа ПТР тестін тапсырыңыз.

Маңызды: ұқсас белгілер ЖРВИ немесе тұмаумен ауыратын науқастарда кездеседі. Егер осы белгілерді өз бойыңызда байқасаңыз Сіз медициналық көмек алу үшін және коронавирусты болдырмау үшін дереу дәрігер кеңесіне жүгініңіз.

 

 

Ректорат