қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
23.08.2021

Құрметті білім алушылар!

 

Сіздерге ҚР Білім және ғылым министрлігінің №66 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында жатақханалардағы орындарды бөлу Ережелері негізінде және ҚР аумағында, Алматы қаласында енгізілген санитариялық-эпидемиологиялық режимді ескере отырып, «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ-да университет Басқармасының отырысы өткізілгенін хабарлаймыз.

 

2021 / 2022 оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ жатақханаларына студенттерді орналастыру шарттары туралы (Басқарма отырысының 2021 жылғы 19 тамыздағы №5 хаттамасы негізінде) келесі шешімдер қабылданды:

 

1. Студенттердің әлеуметтік, денсаулық жағдайын ескере отырып үстемдік тәртіпте жатақханаларда орынмен қамтамасыз етілетін студенттер санаттары анықталсын. Жатақханалардағы орындармен, төменде көрсетілген санаттар бойынша, бірінші кезекте 1 курс студенттері қамтамасыз етіледі:

- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының бірі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын тұлғалар;
- мүгедектер қатарындағы даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар, бала кезінен мүгедектер, I және II топтағы мүгедектер;
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне таралатын жеңілдіктер мен кепілдіктерге құқылы, соларға теңестірілген тұлғалар;
- көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған жергілікті атқарушы органдарының грант иегерлері;- ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бағытында, білім беру бағдарламалары бойынша университетке түскен ауыл жастары қатарындағы тұлғалар;
- Қазақстан Республикасының азаматтары емес, алайда мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері болып табылатын қандастар.

 

2. Хаттаманың 1-ші тармағында айқындалған бірінші санаттағы студенттердің өтініштерін қарап, олар бойынша шешім қабылдағаннан кейін жатақханадан төсек-орын алуға келесі санаттағы студенттер басымдық құқықпен иемденеді:
- мүгедек балаларға арналған интернат-үйлерінің, балалар интернат мекемелерінің тәрбиеленушілері;
- III топтағы мүгедектер;
- «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған аналардың балалары болып танылатын білім алушылар.

 

3. Студенттерді жатақханаға орналастыру, СЭР ескеріле отырып, комиссияның хаттамалық шешімдерімен жүзеге асырылуға тиіс, комиссияларды құру институт директорларына, факультет декандарына жүктеледі.