Біз туралы | Главная /
Саметова Жаңагүл Шыңғысханқызы
Саметова Жаңагүл Шыңғысханқызы
ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ 2002 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға түсіп, аталған мамандықтың 2006 жылы толық курсын бітірді. 2006 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына «0205-филология» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2008 жылы атталған мамандық бойынша «филология магистрі» академиялық дәрежесін алып шықты. 2021 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 6В01701-қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша екінші жоғары білім дипломын алды. 2014 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне «6D011700-қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша докторантураға оқуға қабылданып, 2021 жылы докторлық диссертациясын қорғады.
БІЛІМ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Бакалавриатта: «Орыс тілі. В2»
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ 2007-2012 жж. «Тұран» мектеп-лицейі қазақ-орыс тілдері пәнінің мұғалімі 2012-2014 жж. - Абай атындағы ҚазҰПУ «Интеллектуалды ұлт қалыптастыру» ҒЗИ ғылыми эксперт 2014 жылдан бүгінгі күнге дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті оқытушысы 2017 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көптілді білім беру институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ «Қазіргі қазақ прозасындағы көркемдік ізденістер мен ағымдар және оны оқыту (ХХІ ғасыр)» атты диссертациялық жұмысы барысында көп жылдар ізденістер жасай отырып, ғылыми жетістіктерге жете білді. Атап айтқанда қазіргі қазақ прозасының даму бағыты, оның ішінде әдеби ағымдар мен бағыттарын анықтай отырып, оны оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері мен әдістемесін ұсынды. Аса күрделі теориялық мәселелерді оқытудың жаңа бағдарламасы мен моделін құрастырды. Өте ауқымды және өзекті тақырыпты қамти отырып, алған ғылыми нәтижелерінің жаңа екендігін дәлелдеді. Осы уақытқа дейін 40 жуық еңбегі жарық көрген, оның ішінде оқулық, оқу-әдістемелік құралдар - 4, Scopus мәліметтер базасына енген халықаралық ғылыми басылымдарда - 3, ҚР БжҒМ Білім сапасын бақылау комитеті ұсынған журналдарда - 12, шетелдік халықаралық ғылыми конференцияларда - 6, отандық халықаралық конференцияларда жарияланған мақалалар - 10 , Республикалық, халықаралық өзге де басылымдарда жарық көрген мақалалар - 5.
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|