қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
30.03.2018

«Педагогикалық Stem-парк» Қазақстан-Ресей халықаралық семинары

 


 

2018 жылдың 17 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында «Педагогикалық STEM-парк» Қазақстан-Ресей халықаралық семинары өтті.

 

STEM - бұл Science, Technology, Engineering, Math бағыттарының басқы әріптерінің құрылымы, ал «Педагогикалық STEM-парк» - білім беру, ғылым және бизнес жүйесіндегі әріптестіктің жаңа форматы.

 

Халықаралық семинардың мақсаты - STEM-парк технологияларын педагогикалық университеттің білім беру үдерісімен сабақтастыру және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде цифрлық робототехника және мехатроника STEM-паркін құру мәселелерін талқылау болды.

 

Халықаралық семинар жұмысына ректор Такир Балықбаев, бірінші проректор Мақтағали Бектемесов, Білімді ақпараттандыру және білім технологиялары мәселелері халықаралық ғылыми зертханасының меңгерушісі профессор Есен Бидайбеков, профессор Бахытжан Ахметов, РББА корреспондент-мүшесі, РББА корреспондент-мүшесі, МҚПУ профессоры Сергей Григорьев, «Дидактикалық Жүйелер» ЖАҚ аймақтық дамыту директоры Владимир Федотов, «Дидактикалық Жүйелер» ЖАҚ ҚР өкілдігінің жетекшісі Муслим Қасымжанов, «Брейн Девелопмент» ЖШҚ бас директоры Леонид Cказочкин, жасап шығару бөлімінің бастығы Дмитрий Устинский, «Брейн Девелопмент» ЖШҚ ҚР-дағы өкілдігінің жетекшісі Арман Каримжанов, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰЗТУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері, «Тұран» мектеп-лицейінің директоры Гүлнар Искакова, Республикалық физика-математика және химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектетерінің оқытушылары қатысты.

 

Семинар барысында ректор Такир Балықбаев «Педагогикалық STEM-парк» халықаралық семинары педагогикалық жоғары оқу орнына STEM-оқытуды енгізу тәсілдерін, сондай-ақ, «Информатика және робототехника» қосымша білім бағдарламасының негізінде бакалаврлар мен магистранттарды даярлауды және барлық жаратылыстану-ғылыми мамандықтарына «Робототехника» элективті курсын, сонымен қатар педагогикалық мамандықтарға «Білім берудегі цифрлық технологиялар» элективті курсының енгізіліп, университетіміздің базасында STEM-парк құрудың барысын талқылауға бағытталғандығын айтып өтті.

 

«Педагогикалық STEM-парк» семинарының аясында әр түрлі жастағы балаларға «Роботрек» конструкторлар жиынтығын пайдалану және оларды оқу үдерісінде қолдануға арналған «Роботрек» шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.

 

 

Авторы: Римма Жанбаева

30.03.2018 ж.

Ақпарат көзі: kazgazeta.kz