Біз туралы | Главная /
Шауенова Меруерт Ауесханқызы
Шауенова Меруерт Ауесханқызы
Қысқаша өмірбаяны 17.11.1975 ж., Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Түгіскен совхозында туылған, ҚР азаматшасы, қазақ. 1995 жылы Жамбыл педагогикалық институтына түсіп, 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген;. Біліктілігі - «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»; 2005 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасына «13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2008 жылы бітірді (қорғамаған); 2014 жылы И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің магистратурасын «6M010300 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірді; 2018 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «6D010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша докторантураны бітірді; 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының аға оқытушысы. 2004 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта 30-дан астам ғылыми еңбектер мен мақалалар жарияланды. Әртүрлі елдер мен республикаларда өткен көптеген халықаралық және республикалық конференциялар мен форумдарға қатысты; Импакт-факторлы журналдарда 2 ғылыми мақала, ҚР БҒСБК материалдарында 20-ға жуық ғылыми мақалалар жарияланған. 1 оқу құралы шығарылды.
Білімі
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕР Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру; Ізгілікті педагогика негіздері; Балалар әдебиеті; Этнопедагогика; Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру әдістемесі және т.б.
ҒЫЛЫМИ ІС-ӘРЕКЕТІ - зерттеу тақырыптары, жарияланымдар саны 1. Pedagogical ideas of "Qabus nama" written by Keykavus. European Online Journal of Natural and Social Sciences 2017; www.european-science.com Vol.6, No 4 pp. 674-685 ISSN 1805-3602. Accepted for publication: 19 October 2017. 2. İlköğretim Sekizinci Sınıf Öğrencilerinin Meslek Seçimine Etki Eden Değerler (Mardin İli Örneği). Elementary Education Online, 2018; 17(4): pp. 2216-2228: http://ilkogretim-online.org.tr doi Турция; 3. The relation between academic self concept and L2 motivational system of preservice english teachers in Kazakhstan.. Revista ESPACIOS, Испания, ISSN 0798 1015.Vol. 40 (Nº 19) Year 2019.Page 1. (10.06.2019). ICDS = 0.164; 5. Білім беруді интеграциялаудың теориялық негіздері. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. ХАБАРШЫСЫ. - "Педагогика ғылымдары" сериясы - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, №2 (66), 2020 ж. - Б. 55-61. ISSN 1728-5496; 6. Кайқауыстың «Қабуснамасы» арқылы болашақ педагогтарды даярлау. Наука и жизнь Казахстана/Қазақстанның ғылымы мен өмірі. МЕЖДУНАРОДНЫЙ НАУЧНЫЙ ЖУРНАЛ №7/1. 2020. - Алматы. - Б.232-238. ISSN 2073-333X; 7. «Ways of preparing future teachers on the basis of pedagogical ideas in "Qabus-Name". «ОБРАЗОВАНИЕ В XXI ВЕКЕ». Материалы V Международной научнопрактической конференции (г. Москва, 28-31 марта 2022 года). ISBN 978-5-9907042-3-7.
МАРАПАТТАРЫ Егеменді еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеудегі адал еңбегіңіз бен қажырлы еңбегіңіз үшін және «А. Байтұрсынұлы 150 жыл төс белгісі. Куәлік нөмірі № 039 28 мамыр 2022 ж С.Демирел атындағы университеттің ректоры мен «МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ» ҚБ төрағасының атынан «Балалар жылы» құрметіне С.Демирел университетімен «МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ» ҚБ бірлестікте ұйымдастырған «Мейірімді тәрбиеші-2022» форумына қатысқаны үшін және егеменді еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеудегі адал еңбегіңіз бен қажырлы еңбегіңіз үшін алғыс хат. 2022 жылдың 28-29 мамыры С.Демирел атындағы университет / Алматы
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|