қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.11.2021

Инклюзивті білім берудің Виртуалды зертханасының 16-шы вебинары


Инклюзивті білім берудің тиімді тәжірибесін тарату мақсатында 05.06.2015 жылы ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті құрған Қазақстан Республикасының ЖОО үшін инклюзивті білім беру жөніндегі Ресурстық консультативтік орталықта Инклюзивті білім беру виртуалды зертханасы жұмыс істейді.


Виртуалды зертхана қызметінің аясында және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің педагогтары мен мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі базалық ұйымының Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылға арналған инклюзивті және арнайы білім беру бағдарламасы аясында 2021 жылдың 18 қарашасында ZOOM арқылы «Даму ерекшеліктері бар балалардың ата-аналарына арналған Ozim Platform мобильді қосымшасы» тақырыбында 16-шы онлайн-вебинар өткізу жоспарлануда.


Спикерлері - Ozim Platform Жобалық қомандасы - Назарбаев Университеті Жоғары білім мектебі түлектерінің бастамашыл тобы, құрылтайшысы және басшысы - Әсем Тәжиева, қосалқы құрылтайшы және менеджер - Дана Мәмбеталина, қосалқы құрылтайшы және менеджер - Мария Ипполитова.


Вебинарға мектеп басшылары мен қызметкерлері, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, психологтар, дефектологтар және барлық мүдделі тұлғалар қатысуға шақырылады!

 

Zoom кездесуіне қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/81639938092?pwd=dHhDMzdmY1kxUG83Qi9NRytyTHBWUT09

 

Конференция ID: 816 3993 8092

 

Коды: 906699