Негізгі бет
Жаңалықтар
05.04.2018 Алматы университеттерінің ректорлар кеңесінің мәжілісі
Алматы аймақтық жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесі 2011 жылдың 23 тамызында құрылған,оның құрамына 23 университет кіреді: оның ішінде 7 ұлттық университет (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҰАУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы), сондай-ақ алдыңғы қатарлы қазақстандық жоғары оқу орындары (Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, «Нархоз» университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақ спорт және туризм академиясы, М. Тынышбаев атындағы ҚазККА және т.б.).
«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы» және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жаңғырту туралы баяндамасында: «Мемлекет басшысының Жолдауында білім берудің жаңа сапасына негіз ретінде адам капиталына ерекше назар аударылады. Біздің алдымызда барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету міндеті тұр, сондықтан мұғалімдердің біліктілігін арттыру мен оқытудың жолдарын қайта қарастыруымыз керек. Еліміздегі жоғары оқу орындарында педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту, жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектердің санын көбейту керек». Сондай-ақ, өз баяндамасында Такир Балықбаев студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша көңіл бөлді.
Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры, Студенттік спорт федерациясының президенті Қайрат Закирьянов «Студенттік спортты дамыту туралы» баяндамасында студенттерге спортпен шұғылдануға және әртүрлі спорт түрлерінен жарыстар өткізуге тиісті жағдай жасау керектігі туралы айтты. Сөз соңында Қайрат Закирьянов Такир Балықбаевқа «Ұлы дала және Ежелгі Грецияның Олимпиада ойындары. Спорттың шығу тарихы» («Великая степь и олимпийские игры древней Греции. Происхождение спорта») кітабын табыс етті.
Барлық ұсыныстар ректорлар кеңесінің білім беруді дамыту жөніндегі жұмыс Жоспарына енгізілді.
Мәжіліс соңында Алматы аймағы университеттерінің ректорлар кеңесі төрағасының сайлауы өтіп, дауыс беру қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев ректорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім
|